Posted in

САҒЫМДАЙ БҰЛДЫРАДЫ

Алыстан елес берген үміт, арман, көрініс туралы. * Дүрмекпен келе жатқаны болмаса, Күнікейдің қиялы сағымдай бұлдырап,

сол сағымның ішінен біресе екі тірсегі ботанікіндей майысқан, басы бір бөлек, кеудесі бір бөлек кейқуат Тұяқ елестеді, біресе

екі иығына екі кісі мінгендей, көзі алақандай, шүйдесі тоқпақтай Байман елестеді. Ж.Айм. ~ Міне, сондай,

«қазақ қызы

қашан оқыр екен!» – деген арманда жүрген Асқарды Ботагөздің орысша школда оқуы аса қуандырды. Бұрын, алдында

сағымдай бұлдырап, қуса жеткізбей жүрген үмітіне, енді қол ұшы іліккендей болды. С.Мұқ. * … тау бөктерлеріне жабысқан

селолар, жиектеріне зәулім теректер өскен жолдар сағымдай бұлдырап қала берді … О.Бальз. * Замат лашын құс боп

самғаған ол бұл кезде Кенжеғұлдың көзiне әлi де сағымдай бұлдырап қана елес берген ақ кептердi iлiп алды да, қанатының

астына қысып, ғарышқа құлаш сермедi.  Р.Рай. * Бұл қолын созады. Құшақтап бауырына басқысы келеді, қызын жұбатқысы келеді. Бірақ, жете алмайды. «Мама», – деп қолын созған күйі сағымдай бұлдырап алыстап, бірте-бірте көрінбей кетті.  

А.Үсей. * Бәрінен де менің үмітімді айтсаңызшы. Директор сөйлескеннен кейін үрлеген местей қампайған көңіл сол қалпымен солмай тұрды. Бірақ күн ұзап, менің мансабым сағымдай бұлдырап бара жатқанға ұқсайды.  Б.Қыд.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *