Сұлу мүсінді д.м. ~ Сұңғақ бойлы шыбықтай бұралған ол қара торының әдемісі. Сүмбіл шашы балтырын соғып, саздауға
біткен қайындай солқылдаған бұла қалындықтың тал бойында бір міні жоқ. Ө.Кәр. ~ Осы кезде көрші шешейдің: – Қыж қайда, ойбай, қыж қайда? – деген әлем-тапырық даусы ойымды үркітіп жіберді. Көптен іргелес отыратын ек. Бала-келіні, саздауға біткен құба талдай боп бойжеткен қызы, екі-үш немересі бар-тын. Р.От.
