Posted in

САЗДАУҒА БІТКЕН САПЫ (САРЫ) АҒАШ

Діні берік, не нәрсеге де қайыспайтын қайсар адам туралы. * – Әй, Омеке, босама балаларды шошытып. Саздауға біткен сапы ағаш едің ғой, не көрінді әйелдер құсап. О.Бөк. ~ Біле- білсең сен, менің өтіп кеткен дәурен, өліп қалған арманымсың, екі аяғымсың!  ал менің аяғым сіңірі босап, сүрінуді білмейтін жілікті болатын! Саздауға біткен сары ағаш болатын. О.Бөк. ~ Зузада шалқасынан сұлап жатқан шал маған дәл осы қалпында саздауға біткен сары қарағайдан жонып жасаған адам ескерткішке ұқсағандай, айырмашылығы сол –  кірпігі қимылдап жатыр. О.Бөк.

САЙ-САЙ ӘЖІМ

Қатпар-қатпар әжім. ~ Бет аузын сай – сай әжім басқан, тарбиған сүйек қолдарының көк тамырлары бадырайып шығып кеткен Жауқазын тіптен жуас. Өздігінен жан ашым сөйлейтін түрі байқалмайды. Тек шай құйып бергенді ғана біледі. Б.Соқ. ~ Өз бетімен ештеңе шешпей, ылғи елдің аңысын аңдып әрекет қылатын әккі кісілердің әдеті осы. Аузыңды бағады. Көзіңе үңіледі. Жүзіңді тінтеді. Былайғылардың қасқа маңдайын қақ жарып айғыздап түсетін сай-сай әжім ондайлардың көзінің маңайын ғана торлап алады. Ә.Кек.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *