Posted in

САЙ-СҮЙЕГІН СЫРҚЫРАТТЫ

Жанын ауыртты, күңірентті. ~ Ағып тұрған сөз екен: неше түрлі жалынды, жігерлі, үмітті сөздерді соғып еді кеп, адамның сай-сүйегін сырқыратты. Ж.Айм. ~ Қаныш бәйбіше жыландай ысқырып, «тұқымы жарымаған, қалғырлар!» деп сөккенде,адамның сай-сүйегін сырқырататын болды. Б.Майл. ~ Уілдеген  желдің  үнімен  құмнан  көтерілген қобыздікіндей  күңіреніске зарлана жылаған мұңлы әуез қосылып, даланың сай-сүйегін сырқыратады. Ж.Шәк. ~ Қара түнек, қаралы дауыс кәрі-жастың сай-сүйегін сырқыратты. Ә.Шәр. ~ Күй күңіренеді… Ботасын іздеген аруана қазығында шыр айналып, сай– сүйегіңді сырқыратып, тау жаңғыртып боздайды. С.См.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *