Бес қаруын дайындап, ұрысқа әзір тұрды. ~ Өтеп келгесін, мүмкін, Мәліктің жігіттерімен тізе қосу үшін қайта көшуге де тура келе ме. Біз қайтқанша сақадай сай тұрыңдар деп еді. А.Сүл. ~ – Көмек қажет бола қоймас, – деді Ломбард. Бірақ жаман айтпай жақсы жоқ, сақадай сай тұрыңыздар. Қатты жұлқып қалсам, тартыңыздар. А.Крис. ~ «Альфа» тобына дабыл қағылған. Сарбаздардың сақадай сай тұрғаны сөзсіз. Т.Әлж.
