Қымбат тұтты; пәле-жаладан қорғаштады. ~ Қоқырсыған құрақтың әрқайсысының өзіне орны бар, бұлар сары айдай сақтап жиып жүрген мүлкі. Б.Май. ~ ~ Мына төменгі ауылда, белгілі жердің қызы. «Бой жетті, сары майдай сақтаған баламды алып кет», — деп хабар айтыпты Хасен деген атаң. Не дейсің, балам? Н.Сер. ~ – Кімнен туам, ешкіммен байланысым болмаса, — деді ұяла даусы күмілжіп. Байланысың болмаса – байланыс жаса. Қашанға асылыңды сары майдай сақтап жүрмекшісің, — деген жеңешесі көзі күлімдеп аяқтады сөзін. С.Досж. ~ Самсаған сары қолға шауып таныла алмасақ та, біздің де қарынның құрышына сары майдай сақтап жүрген бір кеп болушы еді. К.Сег. ~ Уылжытып өсіріп, күннен, келеңкеден қорынып сары майдай сақтап келгенде… қызығын көрсетер, мерейін өсірер деп үміттенгенде… сол майды ит жалап кеткендей көрінді. Д.Дос.
