Posted in

САУ БАСЫН САУДАҒА САЛДЫ

Басын әлекке салды; күмәнді іске ұрынды. ~ Сұмдығы сол – ол әпкемді тоқалдыққа алуға бел байлапты. Бұл жолда қыруар қалыңмал шашып, қара басын саудаға салудан тайынбайтынын айтып кетті. Б.Мом. ~ Алғызбаған жауға да, барғызбаған дауға да, Ел-жұртының сау басын салғызбаған саудаға. С.Им. ~ Бір нәрсеге көзім анық жетеді: "Әдебиет оқу кітабын" бүйтіп ағаш тілмен жазу, бәрін алғанда, оқушылардың сау басын саудаға салу, ары алғанда, күнә! М.Қаб. * Өзгенің қалтасын қақпасақ та, табыс жетеді. Өйтіп сау басты саудаға салмаңыз, отағасы. О.Сәрс. ~ Билікке ұмтылғандар қара халыққа қиянат жасайды. Досын сатып, жолдасын мансұқтайды. Махаббат үшін майдандасып және сау басын саудаға салады. Ө.Кәр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *