Posted in

САЯ ТАПТЫ

Жаны жайланды, көңілі тынышталды, қуанышқа кенелді. ~ «Сорлы, Әбекем! – деді ол күйзеле күңіреніп, тұзаққа біржола түсіпсің ғой. Аңғал байғұс – ай… Баладан да, басқадан да айрылып, елден безіп, сая тапқан жеріңнің түрін қарашы. Апырым- ай, не деген бақытсыз едің?..» Т.Әбд. ~ Аздан соң Темір таяғын құшақтап мұңайған күйі кеудесін кере бір күрсініп алып, Бөлекбасқа жалт қарады. — Досым, қапалы жаным кішкене сая табар ма екен, сен көзімнің алдынан кете тұршы. Ә.Әб. ~ Алда-жалда барған жерінен сая тауып, аяғына нық тұрса – көкейінен кетпейтін хан тағының тақсіретін тартып, туғандарына деген кегі асқындай түсетін. Ә.Ыб. ~ Сонда жайқалған мынау жасыл белдер құлазымай, қол созым жерде орналасқан аудан еңбеккерлерінің сая табар мекені болар еді-ау. С.Ғабб. ~ Сілтідей тынып қалған тыныш маңы, Сәл ғана сая тауып тыныстады. Н.Айт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *