Posted in

СЕЗІК АЛДЫ (АЛДЫРДЫ)

Әлденеден күдіктенді, көңілін күмән биледі. ~ Соның бәрін жасатып, іс аяғын осылай шешуді ойшыл Керімбек ерте күннен жобалаған ба деп сезік алды. Ж.Ахм. ~ Біздің тағы бір адам аң аулаған болып жүріп тау ішінде кездескен екен, сезік алып сөйлеспей қойыпты. Б.Тоғ. ~ Секең бірдеңеден сезік алмас үшін мен енді ол үйге аяғымды тарта басуға тырысам. Б.Соқ. ~ . Екі солдатының «жабайы киргиздарға» мазақ болған масқаралы жағдайынан сезік ала отырып, сезбегенсіді. Ғ.Біл.~ Сонымен қазақ, татар бірлескен ұйымшыл арызды бұл жақта Мұхабай қолдап жатқан болды. Ол барынша «теріс» адам екендігінен сезік алдырған-ды. Ж.Ахм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *