Posted in

СЕНЕР-СЕНБЕСІН БІЛМЕДІ

Шын-өтірігін айыра алмай дал болды. ~ – Сонда қай уақытта көз ілеміз? Адам да, мал да сонша уақыт бойы ұйқысыз жүруге қалай шыдайды?! – Қараман сенер-сенбесін білмей, тағы да қырыстанып, қабағын түйді. Б.Ыбыр. ~ Ханның ойын біреулер аңғарғандай болды, біреулер сенер-сенбесін білмей, дүдәмәл тұрды. Б.Нұрж. ~ Сенер-сенбесін білмей жүрген Жамал апай шынымен де сасқалақтайын деді. С.Ғабб. Көргенінің шындығына күмән келтіргендей дал болды. ~ Нұркен мына сөзге сенер-сенбесін білмегендей абдырай аттап, машинаға жақындап, есіктің тұтқасын таба алмай, сипалап жүріп зорға ашты. Ә.Кек. ~ Иығыңа тағы бір жұлдыз керек қой. Әкел қағаздарыңды, дедім қолымды созып. Ол сенер-сенбесін білмей, жылан көздерін жыпылықтата берді. К.Адырб. ~ Жас жігіттің сүйген қызы сол сәтте Әуенді де, бишіні де күлкі етті. Құлағына білмей сенер-сенбесін, Жігіт тұрды жиғандай боп енді есін. А.Бақтыг. ~ Омардың орнынан түскенін Әли газеттен оқыған, бірақ іс сотта болады, қызметсіз қалар деп ойламаған, қалалық бақтың ішіндегі жаздық ресторанда тамақ ішіп отырып, дастарқандас болған кісілерден әлгі жайды естігенде сенерсенбесін білмеді. Ә.Тар.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *