Posted in

СИДАҢ ҚАҚТЫ

Салпақтап жүріп алды, тыным таппады. ~ Сиыр бақтым – сидаң қақтым, Ешкі бақтым – еңіреп бақтым. Қой бақтым- қоңыраулаттым. Мақал-мәтел. ~ Нақ осы жерде Әзірбай сиырдың жеті ата, жеті пұстысы — Зеңгі бабадан бастап түк қалдырмай қайта сыбап өтті. — Талайды сидаң қақтырған пәлелерді қайыр бері, Тұрсын! Б.Қыд. ~ … сонан соң иленіп уқаланып қырылып жонылған қызыл күрең түлкі тымақты киген соң сол өңірлдің жігіт атаулысы Хауа Атаның қазіргі ұрқы көктемдегі күйлі бұқаша сидаң қағып ауыл-ауылды кезіп жүрді. Б.Жұм. ~ Стрешнев оны тершең сүрлеумен үлкен жолға шығарып салды. Арба соңынан еріп отырған. Мес торы қайта-қайта сабанға мойнын соза берген соң қамшымен бастан тартып-тартып жіберіп еді, ат кегжеңдеп, ішек-қарны қорқылдап сидаң қақты. Екеуі де үнсіз, ілби аяңдап келеді. И.Бун. ~ Сағағына серт байласып, сәулеге иек сүйесем кеп, сидаң қақты сумақай жел сол алқаның иесі ем деп. Г.Әб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *