Әлдебір ауыр жұмысқа салынып, берекесі кетіп,ештеңеге қолы тимеді. ~ Мысалы, өзіңіз күнұзақ бір шалмен төбелессеңіз, тамақ ішуге қолыңыз тиер ме еді. Тамақ түгіл сіңбіруге мұршаңыз келмес еді. О.Әуб. ~ Оны түсінбейтін Сақан ондай ақылсыз жігіт емес. Бәлкім, басқалай бір қарбалас жұмыстары шығып, сіңбіруге мұршысы болмай жүрген шығар. Еркектің шаруасы деген әйел көңілімен санасып жата ма?! Ж.Сәм. ~ … апақ-сапақта аңдыған қатынын, қорыған қызын тарс есінен шығарып, сиырын байлап, қойын қоралап, жылқысын тұсап, отпен жағаласып, ошақпен алысып, сіңбіруге мұршасы келмей кетеді емес пе. Н.Дәу. ~ Егінші, малшылардың көктемгі күй- жайын ұғысып жүр едім. Ертең ауданға жиналысқа барамын. Сіңбіруге мұрсам жоқ қазір, – деді ол аман- сәлемнен соң. Т.Рыс. ~ Қу тіршілікпен кітап оқу түгілі сіңбіруге мұрша жоқ. Н.Дәу. ~ Сіңбіруге мұрсаты жоқ, топылы, топысыз, аузы – басын түк басқан жүдеу жандардың ішінен Лексей Лексеичтен басқа жүзі жылы ешкімді таппаған еді. Қ.Ысқ.
