Posted in

СІҢБІРУГЕ ҚОЛЫ ТИМЕДІ

Ештеңеге уақыт таба алмай, жұмысбасты болды. ~ – Атызға келген балықтың бәрін ұстай берсең жер-көкке сияр емес, – деді Сырбай, және оған жүдә уақыт қайда, жұмыстан жүдә сіңбіруге қол тимейді. Бағып отырған негізгі балығын, да, малын, да күріш болған соң, соны жүдә жақсы есіруге тырысасың да. С.Мұқ. ~ Пешті жөндеп, есікті қаптап, терезелердің жақтауларын қиюластырып, үйді қысқа әзірлеудің әлегімен Әбутәліп мұрнынан шаншылып, сіңбіруге қолы тимейді. Ш.Айт. ~ Қатар-қатар дүкен құрып, іс көрігін қыздырып, сіңбіруге қолы тимей, кәсіп қылып жатқандардың өнерін тамашалайды. Ү.Жәл. ~ Кеңкелестеу еді, сіңбіруге қолы тимей жүретін ол да енді… Ж.Аяз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *