Posted in

СОҢЫНА ТҮСТІ

Мақсат тұтты, талпынды. * Қызық жай: он миллион табыс кіргізетін колхозда бала бақшасын, бала яслиінашу деген де сөз болып па! Тек соңына түсуші табылмағаны ғой. С.Шайм. ~ – Мен… – күмілжіп қалды, – сенімен ақылдаспай бір шаруаның соңына түсіп едім. – Ұрлық жасағандай жүзін төмен салды. Ә.Ыб. Аңдыды, ізін бақты, басқан ізін аңдыды, қудалады. * Сұлтанбек дейтін бір жігітіміз бар еді, сол "байдыңқызын алды" деп менің соңыма түсіп… Ауылда жүрген соң қазақшылыққа да араласып кетеміз-ау. Осының қыз күнінде сол Сұлтанбек те "алам" деп қылжақтап жүретін. Баяғы соңыма түскенін "өштікпен істегені" деп білдім мен. Б.Майл. ~ Нысан мылтық ала шықпағанына өкініп дағдарып тұр- ды-тұрды да ілгері озды. Белеңге іліккенде Ақберенді шошындырған құбыжықты көрді де, қасқырдың соңына түсіп берді. Ө.Кәр.~ Соқталанып жатқан іздер арасынан тәжірибелі көз олардың соңына түскен түз тағыларының суыт жүрісін де айырып алды. Олар да аз емес, бір үйірдей. К.Ор. Әлдебір әдетке салынды. ~ Мыңдаған жылдар бойы кәйіптің небір түрін ойлап тауып, соңына түсіп, сондада мейірі бір қанбай жүретін пенделер дәл мұндай ғанибеттің болатынын өңі түгіл түсінде де сезіне алмайды. Е.Әл. ~ Оның үстіне өлең- жырдың соңына түсіп ақындыққа бой ұру атағы алты алашқа аян дүмбі тұқым үшін ерсі саналатын ұғым табиғи дарынын ұштаумен түбегейлі шұғылдануына тұсау болады. С.Ақт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *