Әлдебір істі орынсыз, ұятты санады. * Тіпті сол сәттерді кейінде, әйелі екеуі еске алғанда: «сондағымыз не, ей, біздің? Ақымақ екенбіз- ау! » деп сөкет көретін. С.Мұр. * Қаптаған қалың елдің ішінде қайыршымен сөйлесуді өзіме сөлекет көрсем де тыңдауға ниет таныттым. Қ.Мүб. * Еркек пен еркектің сүйісуін сөлекет көрген Балжан құдағи: – Кім білген, бажа деген немелер күшік тәрізді болады екен ғой, – деп, мысқылдап күліп қояды. Б.Соқп.
