Posted in

СӨЙТКЕНШЕ БОЛМАДЫ (БОЛҒАН ЖОҚ)

Сол заматта, ілезде; әне-міне дегенше. * – Байладық, байладық! – деп шу ете түсті көп; сөйткенше болмады болыстың үйінен теңселе басып, шалқақтап он шақты кісі шықты, топқа қарай жүрді. Ж.Айм. * Сөйткенше болған жоқ, ұзын составтың басындағы қаңқиған кәрі паровоз тұлыпқа мөңіреген сиырдай бірер рет ыңырсып алды да, ысылдап-пысылдап, ышқынып- түшкіріп ақырын жылжып жүре берді. О.Сәрс. * Сөйткенше болған жоқ, тұс-тұстан жамырай дуылдап соғыста жүрген әкелеріміздің, ағаларымыздың үйде қалған киімдерін еске алып, олардан шығатын иісті сөз етіп кеттік. С.Мұр.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *