Көрер күні таусылды, ажалы жетті. ~ Кезінде үріп ішіп, шайқап төккен пенде су ішкілігі таусылып, көз жұмғанда, марқұмның жалаңаш тәніне жапсыратын ыңғайлы киім таппай жүгіргіштейсің. Ө.Кәр. ~ Енді ол өлім сапарына бел буып, бекем кіріспейді, жанын қиюға пенделікпен әрекет жасамайды да. Су ішкілігің таусылмаса таспен ұрса да шыбын жаныңды үркіте алмасын бағамдаған. О.Бөк. * Мына Мырқы іштегі толқынын баса алмай "о, тоба" – деді. Мұндай күнді көретін суішкілігім, дәм-тұзым таусылмапты. Д.Дос.
