Бойы ұзын, сымбатты. * Ұзын сұңғақ бойлы, қынай бел кемзал киген, басында оқалы тақия, жеңіл жібек шәлі бар, қоңырқай жүзді, нұрлы, ойлы көзді қазақ қызы сот бастығына сүйкімді көрінді. М.Әу. * Ғалияның қасында сұңғақ бойлы, талдырмаш, бетінде аздаған шешек дағы бар жүзі жылы сұрша жігіт. Ғалияның күйеуі екен. Б.Соқп. * Жазық маңдай, қыран тұмсық, ат жақты, қой көзді Әбутәліп сұңғақ бойлы, әсем жігіт еді. Ш.Айт. * Жақсылық мен білетін – ашаң кісі Сұңғақ бой, шоқша сақал, жасаң кісі. Т.Айб. * Көптің батасы қабыл болып, Дірсе ханның үйден шықса шынардай сұңғақ бойлы, тобығына түсетін сүмбіл қара шашты, бір тал пісте сыймайтын оймақ ауызды, қауын шырынындай ләззәтті сұлу бәйбішесі жүкті болып, айдарлы ұл тауыпты. Ғ.Біл. * Ол бала кезінде жетім қалса керек, кейін ойда жоқта әкесі келе қалады – "жиырмалар шамасындағы сұңғақ бойлы, тартымды сері". Дж. Сэл. * Көйлек етегін шалбардың ішіне жіберген. Шекесіне тартқан бір жапырақ қызыл шаршысы болмаса, сұңғақ бойлы, үлкен қоңыр қой көзді әдемі боз жігіттің өзі. С.Елу.
