Айбарлы келбеті, қаһарлы қас-қабағы жауының құтын қашырды. ~ Аруағы қашты кәпірдің, Сұсы басты батырдың. Болдырған соң Тарланға, Қаһары келді бақырдың. "Ер Тарғын". ~ Еркін жұмыс істеп, ел қатарлы жүрем деген ойын мына жатқан аюдай жігіттің сұсы басып кетті. С.Жүн. ~ Күрескенде қар жауып қабағынан, еш адамды бетіне қаратпады. Ерен тұлға еріксіз сұсы басты, дірілдетті, талайдың түсі қашты. Б. Ысқ. ~ Тіріліп келген Тәуекел мен Қияқтың сұсы жеңді ме, кейін қарай қаша жөнелген лашкарлар көрінді. І.Ес. ~ Бұрындықтың осынау ызбарлы сұсы жеңді ме, батырлар тақа таямай сойыл жетпес жерге келіп тоқтады. І.Ес. ~ Көкірегін ақынның мысы басып, Мысы басып, тәкаппар сұсы басып: — Мүмкін емес, – деді ол дір-дір етіп, Мүмкін емес, — деді ол түсі қашып. М.Шах.
