Нашарлады; әлсіреді; әлсіздік танытты. * Әсіресе Ғалым мінген жирен бие сиыр түс болмай жатып-ақ сыр беріп, тұла бойы ақ көбіктеніп, терлей бастаған. К.Сег. * Шәлиғаның күземнен алған жүндерін боятып иіртті. Таупанға көкірекше тоқыды. Әйтеуір қыс та сыр берді-ау. Тап мұндай ұзын, мұндай қорқынышты, мұндай мағынасыз қыс Хадиша ес білгелі болмаған шығар-ау. С.Досж. * Кейбір салақ кісілердің бел ағашы борсыған мал қамайтын қоралары сыр беріп алды – топ етіп төбесі ойылып түсіп жатыр. О.Бөк. * Мына зор бітіміңізге, сексеннен асқан жасыңызға қарамастан босаңсып, қазіргі екеу ара әңгіменің үстінде тым тебіреніп, көз жасыңызды сүртіп, бір-екі рет сыр беріп алдыңыз. А.Жақс. * Әрі денсаулығы да ақауланып, сыр бере бастаған. Халифа Алтай.
