Posted in

СЫР МІНЕЗ

Етене таныс; ежелден білетін адам. Әдет-ғұрпын, мінез-құлқын жетік біледі д.м. * Бірақ, аспаз кемпірдің бабы табылмайды, ертеден қара кешке бұрқылдайды да жүреді. Ауыл адамдары онымен сыр мінез емес. Басқа жақтан жақында көшіп келген. Ш.Айт. * Екі хан кеңес құрды. Қайып айтты: «Қазақтың қаптағайлап шапқанына жоңғарлар әбден сыр мінез болып алған. Ә.Кек. * 1 д а у ы с. Үш күн сұрапылда сені қатты қинаған Қасболат жайы еді. Соның шешімін тапқан жоқсың ба? Қ о с п а н. Сыр мінез, сырын алдырмаған бір жан. Т.Ахт. * Осы күнгі өз жағдайына сыр мінез. Құдайдың құтты күні дәл осылай өз денесін өзі ауырлап әзер-әзер тұрса да, әрі-беріден кейін ұйқысы ашылып, басының ауырғаны да кетеді. Ә.Нұрп. * Жас мырзаның қоспа сөзді сүймейтініне сыр мінез жігіттер осы жолдан өз көзіме көргендерін ғана айтты. Ә.Нұрп. ~ Осындайда білген-түйгенімді әуел бастан соңынан еріп, сыр мінез болған ағаға шешіліп айта отырып … О.Сәрс. ~ Уа, қатын… қайдасың? Ыдысыңды даярла! — Сыр мінез Бибіжамал бүгін олжалы қайтқандарын біліп, қазанға су құяды. От тамызады. Ә.Нұрп. ~ Сыр мінез емес кісі, «мынаның дені дұрыс па?» деп шошып қалуы да ықтимал. К.Қаз.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *