Қорлады, езіп-жаншыды, озбырлық жасады. ~ Есенгелді (бұлқынып). Кездесерсің әлі де! Бір большевиктің орнына жүзіңді, ана ақсақалдарың мен мына сайқалдарыңды жалпақ табанға таптармыз әлі!.. Б.Майл. * — Бұл не деген сұмдық! Уәли тұрмақ, Құдай болсаң да, бетіңе айтайын. Ата салтыңды, дініңді табанға таптайтын кім едің сен?! Қазақтың шалдарын қырып тастап па едің?! – деген-ді. Т.Рыск. ~ Сұңқардың сорын қорғаңдар, Сұңқар екенін білгесін. Тарыға тойған торғайлар, Табанға таптап жүрмесін. Бауыр.Үс.
