1. Қу тақыр д.м. * Түс ауып бесін болды, жолаушылар жарым жолды да жүрген жоқ. Күн ыстық, қайнап тұр, шаң жұрт басын қоярға жер таппады. Таздың басындай қу тақыр дала, жолда не ағаш, не бұта жоқ. Ә.Бөкей. ~ Айна таздың басындай жалтыраған аспанның жұлығында, сайлаудан кейінгі азбандардай, сұрқыл бұлттар сандырап жүр еді. Ж.Айм. 2. Жер бетінің аламыштанып тұру туралы. ~ Мынау жол жанында жатқан кішкене шалшық су – бұдан екі-үш ай бұрын шалғыны балбырап ұйысып жатқан көгал еді. Енді таздың басындай аламыштанып, ұйысқан шалғынның әр жерінде бір түбірі ғана қалыпты. Мына түріне қарағанда бұған көгорай шалғын бітті, кемерінен асып суы шалқыды деп кім айтар? Б.Майл.
