Тұла бойын ашу кернеді. ~ Қабағы қайрақтай боп, танауы делдuіп тұр екен, дәу де болса көкайыл, долы шығар, – депті. Ж.Айм. ~ Махамбетшенің қолында тобылғы сапты сары ала қамшы, ашуланғаны сонша, кең танауы делдиіп, демінен ұзын сақалы желп-желп етеді. Қамшымен бір тартқан сайын ұрыға бір сұрақ қойды: — Айт шыныңды, Мұстапаның боз биесін қайсың ұрладың ? Ғ.Мұст. ~ Онсыз да үлкен көздері шарасынан шығардай, пісте мұрнының танауы делдиіп кеткен. Ә.Тар.
