Көңілі алабұртып, ерекше сезімге бөленді, елірді. ~ Разия үн қатпай кемпірдің бетіне сазара қарады. Бұл да кірпігін қақпай қадалып қалды. Екі танауы желбіреп, сұрлана түсті. Ж.Сәм. ~ Осы сәт қапелімде тұрып кете алмай тыпырықтап жатқан торы айғыр басын қақшаң еткізіп, оқыс көтеріп, қос танауы желбіреп, жан дәрмен қышқырып-қышқырып жіберді. Н.Сам. ~ Қайсардың үнінде сенім мол. Танауы желбіреп барады. — Әй, қайдам, сөзі көптің ісі аз деуші тұғын. Ха- ха- ха… Б.Мом. ~ — Тайыз екен деп барып, қойып кетсең аман бол… қайтып шығуың неғайбыл шығар.- Саламаттың танауы желбіреп кетті. М.Сүн. ~ – Вася атай, қараңызшы! Шыңына алау тұтатқан Алатау қандай әсем! – Балтаның танауы желбіреп кетіпті. С.См.
