Барынша жинақы; мықты, бекім; шешімтал. ~ Бүгін ғана Лепсі бойынан таңдап жүріп кесіп алған қайың құрығын қолына алды. Тас түйіндей даяр тұр. Ә.Шәр. ~ Жан дүниесін тас түйін ғып буып тұрған әлдебір құрсау босап кеткендей, бойын әлсіздік билеп, Зухраның баурына тығыла түсті. Т.Сәук. ~ Түннің бір уағына дейін сарыла сандалып ойланған. Ойланды да, ақыр аяғында тас түйін шешімге келді. М.Қаб. ~ …әбден титықтаған халыққа біраз уақыт тыныштықтың дәмін татқызып, алдындағы малдың қарасын көбейтіп, ырың-жырың даудамайды тыйып, ел ұйтқысын бекітіп алмаса, тас түйін жаудан тас-талқан боп жеңіліп қап жүрсе, одан да мүйіз шыға қоймасы белгілі. Ә.Кек.
