Posted in

ТЕГІН (ЖАЙ) АДАМ ЕМЕС

Екінің бірі емес, ерекше тұлға д.м. ~ "Тұлпарды тақымы мықты адам ғана саудалар болар, кәне, жолымнан былай тұрыңдар" – деп әлгі алға ұмтылған. Өзгелердің сыпырылып жүре бергенінен–ақ, оның тегін адам еместігін бұлар түсінген. А.Өтег. ~ Шеріктер көлденеңнен киліккен мырзаның тегін адам емес екенін сезіп, іркіліп қалды. Қ.Жұм. ~ Тіксініп қалдым, жай адам емес, көңілді көзден ұғатын сұңғыла шалға ұқсайды. Ә.Асқ. ~ Мынау Найманқұл Мақаннан гөрі адам боп шықты. Жай адам емес, адасқанымды ұғындырды. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *