Ақбөкендер үйіріндегі маталу мерзім. ~ Қар қылаулап, жел тұрып, сырғыма бұрқасын жүре бастады. Алдымызда — Ұлытау. — Теке бұрқақ, — деді әкім Серік Тілеубаев. — Ол не? — Осы уақытта ақбөкендер «махаббат маусымын» өткізеді. Соны «теке бұрқақ» дейді. Бетбақ дала, Ұлытау, Торғай даласында бұрын ақбөкен жыртылып-айырылар еді. Соңғы бір-екі жылда көрінбей кетті. Теке бұрқақ қызығы да қызбайды. Не болды? Ауып кетті ме? Ш.Мұрт. ~ Ел ішінде «Құралайдың күні», «Теке бұрқақ» деп аталатын қыс тоқсанның алғашқы күні осылай басталды. С.Ел.
