Posted in

ТЕЛМІРЕ ҚАРАДЫ

Көзін бір нүктеден алмай ұзақ қарады; зерделей, сүзіле қарады. ~ «Ә, келдіңдер ме», – дегендей әлі ашық жатқан нұрсыз ала көздері телміре қарайды. Ә.Кек. ~ Содан соң оның ұйықтап жатқан маған неге телміре қарап, басымнан сипағанын түсінбей дал болдым. Дж.Сэл. ~ Арасанбайдың оған деген бұқпа сырын қыз көкірегі сезеді, ұрлана қарап, сүзіле қарап, телміре қарап, мұның жынын келтіреді. Ә.Тар. ~ Өлеңіңді, үніңді, домбыраңның дауысын естіп, сергіп қалдым қарағым, Таңжарық. Айтшы тағы да! – деп, Жарылқасын, ақынның ажарына телміре қарады. Т.Рыск.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *