Жақтырмады, ұнатпай қарады, айыптады. ~ «Шіреке, кейінгіге айта жүрер нендей батырлық жасап едіңіз?» деп сұраған кісілерге – шалың теріс қабақ танытып, жиырыла қалатын. Д.Дос. ~ Бар ғұмырын туған халқының өзіндік қайталанбас болмыс-бітімін сақтауға арнап, елінің жоғын жоқтағаны үшін көзінің тірісінде Патша өкіметін жақтағандар оған теріс қабақ танытса, өлгеннен кейін де, кешегі совет заманында есімі қуғынға ұшырап, кітаптарын белсенділер өртеп, бірер шумақ жырын жатқа айтқан талай азамат Сібірге айдалды. К.Жүніс. ~ Шайқы басқарма далада күтіп тұрғандай екен. Өзіне беттеген Уәзипаға қиыстап тастаған назарынан, есік алдының қарын күрегенсіп митыңдауынан теріс қабағын не жақтырмағанын танып болмайсың. Енді міне терін сүрткенсіп тұр. К.Жүніс.
