Жөн санады, іштей қарсы болмады. ~ Өзім де баска шауып, төске өрледім, Қазаққа қара сөзге дес бермедім. Еңбегіңді білерлік еш адам жоқ, Түбінде тыныш жүргенді теріс көрмедім. Абай. * Күнікейдің ерлігіне апасы өңін бұзғанмен, көмейі бос: өзіне тартқанын, бозбаланың көз салғанын бір есептен теріс те көрмейді. Ж.Айм. ~ Қартекең кешегі қасқырда кеткен кегін бүгін қайтарады. Алыстан болса да қызығын көрсек қайтеді?— деген Нағашыбектің ниетін мен де теріс көрмей, жүгірте жөнеліп белеңге шығып едік, олар ұзап кеткен екен. Ә.Әб. ~ Оны Сәкен, «көркем әдебиет жүзінде бізге онша қосылмайтын» адамның, дәлірек айтсақ 20-жылдары көптеген сын жазған дарынның аузынан осындай ибалы сөздің шығуын теріс көрмеген еді. К.Ахм. * Көршің толықсыған жас сұлу қыз болса, сен жас жігіт болсаң, екеуің екі есіктен кіріп, екі есіктен шығу тым ыңғайсыз ғой. Лидаға көңілім ауа бастады. Келген күннен-ақ, мені теріс көрмегендігін сезе бастадың. Б.Бұлқ. * Қабыл да біраз жасқа келді. Өз алдына түтін түтетсін. Ержекең баласы да бой жетіп отыр. Соған қолқа сал, әке-шешесі де теріс көрмес. Ү.Жәл. * Айсұлу да оның мына өжеттігін теріс көрмегендей. Ішіне алаулы сағым ойнап, жорта жөнелген. Т.Рыск.
