Келеке етті, мазақ қылды, қорлады. ~ Құдай шебер–ай, тірісінде тәлкек қылған халық со бейшараның өлімін де он саққа жүгіртіп болды–ау. Ә.Нұрп. ~ Шошқа тағалап жүрсін бе? Мияу-мияу мысығым дегенге мұртпен ойнайсың, несі деп иә. Тәлкек қылма. М.Қаб. ~ Солай Алмас! – деді Илона сабасына түсіп, – Тентек тағдыр кейде адам баласын осылай тәлкек етеді… С.Ом. ~ Кеткен қызда нең бар? Есігіне жуытпай, тілін шығарып өзіңді тәлкек етіп қайырмасын қайдан білесің? Оның қазір ері бар, үйі бар. Сен кімсің» дейді. Р.Рай.
