Еркіндік алды, арнасынан аса төгілді, түйіні шешілді, кедергісі жойылды. ~ Мына сияқты ақыл, жетекшілік кеңесті Жұмабек тұңғыш естіп отыр. Ал, өзінің көкейіндегі арманының тиегі ағытылғандай қуанып танауы тарбия жымыңдап: – Ал, Мұқа, мен ертеңнен қалмай Семейге аттандым, – деді. С.Ьег. ~ Сол түйіннен көп ойдың тиегі ағытылып кеткен еді: — Осынау шөл, Каспий ойпатының өткеніне де бір ауық тесіліп өтті. Анау Екібастұз, Қарсақпай… Ғ.Слан. ~ Талай жылдардан бері айтылмай сөнген оқиға қайта тұтанды. Ұзақ жырдың тиегі ағытылды. С.Жүн. ~ Шынайқыз манағыдай емес, жай–жапсардан хабарланып тіріліп қалыпты, тұлан тұтып үйге сыймай бұрқ–сарқ қайнап жүр. Бұны көрген бойда тиегі ағытылып басын бермей кетті дейсің. М.Қан. ~ Сол-ақ мұң екен, манадан бері байлаулы тұрған тіл мен көмейдің тиегі ағытылып, көпшілік араның ұясындай гулеп қоя берді. Қ.Жұм.
