Сөйлеуге де шамасы келмей жүріп кетті, өлді. ~ Тізгін ұстаған Кенжебек тіл тартпай кетті, улап-шулап әндеткен екі-үш жолдасының бет терілері сыдырылып, жеңіл жарақат алды. Қ.Түм. ~ Жылқыны айырып алу кезінде бірнеше мұжық соққыға жығылады, ал төбесін сойыл ойған бір мұжық тіл тартпай кетіпті. М.Мағ. ~ «Жиде гүлі адамды ақырын мас қылып, есінен тандырады, арасында ұйқтап қалған кісі сол орнында тіл тартпай кетеді», – деп қорқытушы еді. Ж.Шағ. ~ Аттарынан қарғып-қарғып түскен көкпаршылар кеудесіне ердің қасы кіріп кеткенін көрді. Жосадай боп қан ағып жатыр. Сарыбай тіл тартпай дүние салыпты. Ә.Шәр. ~ Саған өтірік, маған шын, бір отарлас қайран қошқарлар ешкімге мұңын шаға алмай тіл тартпай көз жұмып жатты. М.Раш.
