Posted in

ТІЛ ТИДІ

Біреудің сұқ көзінің, күндеген сөзінің кесірі тиді. ~ Ауызы бір қызып алған жұрттың талайдың басын шалатын әдеті ғой. Сол жолы талай сұлтанның атағына тіл тиді. Ә.Кек.~ Не керек, он бес жасар Жанәбіл көп ұзамай шынымен мал айдаушыларға қосылып, Семей кетті. Елде жоқ, жерде жоқ, тал шыбықтай солқылдаған көркем бала еді өзі де. Тіл тиді ме, көз тиді ме, сол кеткеннен қайтпады. М.Қаб. ~ – Нағыз азамат деп! Ауру әйелін он бес жыл бойы бағып келеді… Басқа еркек болса, баяғыда далаға тастап кетер еді. Керемет азамат! Әйелі де өзіндей өнерлі еді. Тіл тиді ме, көз тиді ме? А.Алт.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *