Көп сөзге жоқ, тілге шорқақ. ~ Білгір тұқым ең… Білгірлігіңе болайын! Кінәлінің тілі қысқа ғой. Тілім қырқылып отыр! Айтпағанымды өзің ұқ. Ж.Ахм. ~ Ол ентігіп: «Бұлар не ғып кешікті?! » – деп қояды. Әйел баланың көкейі ұзын, тілі қысқа кез еді. Т.Әлім. ~ Байбол. Ұяң деме, ұятты де. Әйел баланың көңілі жүйрік, тілі қысқа болғаны артық. Ә.Тәж. ~ Ұзақ-ұзақ монолог-баяндаулардан гөрі (әдетте, көп оқушы оқиға мен монологты қуып оқиды) деталь тілі қысқа, ұтымды көрінеді. Ж.Нәж.
