Сөзі уытты, ащы, өткір; тілімен шағып алады. ~ — Ал мына Ұлжанды алайық, қарапайым, ақкөңіл, юмордан да құр алақан емес, Сәрсенбайдың құрдастарымен қалжыңдасқанда түбін түсіреді. Қолқасын суырып қолына береді, тілі мірдің оғындай, жасы отызға енді келді, алты баланың анасы. Ә.Тар. ~ Тілі мірдің оғындай. Кеше таяқ жеп‚ бүгін тілімен шағып тұр. Қ.Түм. ~ Тілі мірдің оғындай ағамыздың езуінен күлкі, қаламынан қуат кетпепті. Қалжыңы қалмаған қалпы. А.Қон. ~ Тықыл- тықыл сөйлегенде тілің мірдің оғындай. Тұр бар.. Сөндір! — деп Ертұрлы әлгі келте танаудың желкесінен нұқып жіберді. М.Сүн. ~ Досымның әкесі Нұқ ақсақал тілі мірдің оғындай қиқар шал. мені көрген жерден: — Үйші бала, хал қалай, – деп қарқылдай күліп қарсы алды. – Бір қаланы бір өзі салды деп естіп едім, сенің атыңа қойылған шығар. О.Бөк.
