Нағыз қызық. ~ Көкпар қолдан шығып, ұзап бара жатқан соң осы ауылдың Сайытбек, Нартбек, Оралбай секілді «истребитель» көкпаршылары есектерінің құлағына от қояды. Мұндай есектер дүлдүлдей жүйткиді. Тасыр-түсыр, айқай-шу, құлаған, жылаған, озғанқалған, қашқан-қуған, қым-қуыт, шым-шуыт. Тірі қызық. Тіпті тісің терлеп тұрып күлесің. О.Әуб. ~ Енді бар ғой, ақын анасы айтып отырар болса, тірі қызық! Қайтар жолында Мұқаң бұл үйге тағы соғады ғой. Бір қолында өзінің бірдеңесі, арқасында бір қап жүгі, соны босағаға дүрс еткізіп тастай сала: – Әже, сізге әкелдім! Қазалыдан! – деп Мұқаң қомпаңдап, арсалаңдап Набаттың қолын алып жатыр дейді. А.Сәдіб.
