Ешкімге жамандық ойламайтын, зиян келтірмейтін адам туралы. ~ Ол бұзылған адамдарға сенеді, жабықса, тарықса, «құдай жеткізер» деп, жұбаныш қылады. Қысқасы, ол тірі пендеге зәбірі жоқ, «құдай» деген қоңыр адам. Ж.Айм.~ Күйеуі тірі пендеге залалы жоқ, қабырғалары ыржаңдаған қайдағы бір көтерем үшін ит қорлыққа төзген мылқау сорлыға жұдырық жұмсаған сайын тәңірінің алдында жел өтіндегі жапырақтай қалтырайтын. А.См. ~ Иә, жақын маңдағы тірі пендеге залалы болмаған Көкшолақ құдай түртіп оятқандай кенет ымырасыз жауға айналып шыға келуінің осындай себебі бары мұндағылардың одан әрмен ойын онға бөледі. Ұ.Досп.
