Posted in

ТІРШІЛІКТІҢ (ТІРЛІКТІҢ) НЕСІ СӘН

Өмірге көрік, мән-мағына берер ештеңе болмаса, несі қызық д.м. ~ Тән сүйгенін бермесе, Жан шыдамас жаны ашып. Бере берсең бер десе, Үміт етер таласып. Малда да бар жан мен тән, Ақыл, сезім болмаса. Тіршіліктің несі сән, Тереңге бет қоймаса? Абай. Тек ауыл үйлерінің төбесінен көтерілген көгілдір түтін ғана тіршілік тынысын танытып, көңілге жылы леп әкеледі. М.Әу. ~ Сүйіспеншілік жоқ жерде есепқорлық бастау алса, ондай тіршіліктің несі сән. С.См. ~ "Иә, өзімшіл болармын. Мүмкін мен оны қызғанатын шығармын. Қызғаныш — махаббаттың серігі деуші еді ғой. Бірақ асқақ сезімді қызғаныш тәрізді қарақшы тілек қорғаштап жүрсе, ондай тірліктің несі сән. С.См.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *