Үндемеді, ләм-мим деп дыбыс шығармады. * Апатай, сіздің айтқан сырыңызды ешбір жанға тіс жарып айтпауға уәде берейін. Өзіңіз білесіз, мен аузы жеңіл адам емеспін. Айта беріңіз. Ә.Шәр. * Үй иесі мұны естіп, кірпідей жиырылды, бірақ тіс жармады. О.Сәрс. * Содан тұнжыраған жұмбақ жігіт көк, жасылға кеңірдегінен тоғытылған үш қабатты кірпіш үйге жеткенше тіс жарған жоқ. Такси тоқтағасын да кең ашылған көзін жалғыз нүктеге қадай мелшиіп отырып алды. М.Қаб. * Ләм деп тіс жармапты. Қабағын да қақпапты. Жаңабай жағы улап-шулап, намыс буып, кек қысып, орындарынан тұра-тұра ұмтыла бастаса, Қабылбек оларға тек қолымен белгі беріп басып тастап отырады. Бірақ тіс жармайды. Б.Мом.
