Posted in

ТІСТІ ТІСКЕ (ТІСІН ТІСІНЕ) ҚОЙДЫ (БАСТЫ)

Ашыға бастап, қалған-құтқанды азық етіп, әзер күнін көрді д.м.. ~ Байдың үйінің өзі болса да, «қысқа әлсіз болар-ау» деген кәрі-құртанды сояды немесе көбең тойыны бар, еті ояз малды сирек сойып, әр нәрсені аужал етеді. Ел өзінің осы кездегі аштыққа шыдауын «тісті тіске қойып отырған шақ» деп атайды. М.Әу. ~ Адамдар қайтушы еді… Малсыз адамның күні бар ма? Әзірше тісін– тісіне қойып, сүйегіне қарысып отырғанымен, қыс аяғы бұлай созыла берсе, түбі неге апарып соғары белгісіз, — дейді біреулері. Қ.Жұм. ~ Өзге жұрт тісін тісіне басып, кебек пен күнжітке қарап отырғанда біздің қазанымыздан жүгері ботқа, жүгері салма үзілмейтін. Д.Дос.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *