Posted in

ТОҒЫЗ ЖОЛДЫҢ ТОРАБЫ

Көп жолдың түйіскен жері. ~ Қазақта «тоғыз жолдың торабы» деген ұғым бар ғой. Ол жан-жақтан тоғыз жол келіп түйіскен деген мағынаны білдіреді. Ондай жер ең үлкен орталық болып есептеледі. Ә.Нұрш. ~ Тоғыз жолдың торабыңдай қоп жолды станцияның бірнеше жолында тап біздің поездың аузынан түскендей бірнеше состав тұрған-ды. С.Бег. * Тоғыз жолдың тоғысқанмен торабы, Қайда екенін таба алмайтын қонағы… Ә.Балқ. * Осындай тоғыз жолдың торабына кеп бір күн ерулеп, кірешілер ел қыдырып, соңында әр түрлі бұйым, арақ сатып әкеп тойғандарынша сіміре бастады. Е.Мұх.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *