Кішкене, жаппа там. * Ертеңгісін қалаға барамыз дегенде Тәшкен базарына жүретіндей жүрегі алып ұшып еді. Жүн артқан арбаның үсті мамықтай болғанмен тоқал тамның төбесіндей емес екен. Төбеде жатып дүниені жалпағынан басып, айдың бетін қарыстап өлшеп, жұлдыз бен жұлдызды жіпке байлауға болатын. Қ.Ысқ. * Ешқайда бұрылмастан тоқал тамына кірді де, беті-қолын суық сумен шайып, жерошаққа от жақты. О.Бөк.
