Әне-міне дегенше өте шығар қысқа мерзім. ~ Кәдімгі «тоқты тоймас, шөміш кеппес» дейтұғын күздің қысқа түні. Боз жусанды белеңдерді, шилі-шилі өзектерді өтіп өрлеп жатқан жам жолмен жалғыз атты соғып келеді. І.Жанс. ~ Қазақ «алпыс күн атан болғанша, алты күн бура болып зіркілде» дегенде, бастық бол да біреуді сабап ал деп отырған жоқ, мейлі мәулетті, мейлі сәулетті, мейлі нәубетті ғұмыр кешсең де, сол тоқты тоймас, шөміш кеппес қысқы күндей қысқа өмірді барқадар қуып өткіз, нәмәрттікпен емес, мәрттікпен өткер деп отыр ғой. Б.Қыд.
