Қабағы ашылып, көңілі жібіді. ~ Әлде топсасы босаған көңіл жидіген жүйкенің зырқ-зырқ пергілеген ауыр зеңбірегіне төтеп бере алмай, есеңгіреген шағында ықылас танытқан осынау мейірбан жанарды медеу көрді ме екен? С.См. ~ Қонақтың ең болмаса осы арада топсасы босауға тиіс еді. Қараса, былқ етпеген. Сұп-сұр, безеріп отыр. С.Ел. ~ Жоқ, – деді топсасы босап қалған Күлдәрі әлі де көне қоймай. – Сізбен кездесетінімді білмей, бүгін былай нелеу, ескі костюммен шыға салып едім. М. Мағ.
