Қудалады, азапқа салды, зорлық көрсетті, қырып-жойды. ~ Жаныс жиырма үй Сарының шаңын аспанға шығарып, құрымына шейін үлесіп талап алып, барлығын торғайдай тоздырып, бостырып жіберген. М.Әу. ~ Ал боздақтарым! Боз балаларым! Былғанар қол былғанды. Екі солдат, бір жасауылды ұрып жығып отырсыңдар. Ертең осы елге әскер шығады. Торғайдай тоздырады, қырады, жояды… Аянғанмен жан қалмайды. І.Жанс. ~ Қуғын-сүргінге ұшыратып, торғайдай тоздырып, жан-жаққа бостырып жіберген жоқ па, бауырларыңды?! Д.Рам.~ Зиялы қазақтарды торғайдай тоздырудың тағы бір амалы – қай шығармасын алсаң да ұлтшылдық сарын табуға болатын Мағжан Жұмабаев, Жүсіпбек Аймауытов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұхтар Әуезов сияқты ақынжазушылардың көзін жою… Б.Тоғ.
