Posted in

ТӨРТ АЯҒЫНАН ТІК ҚОЙДЫ

Қалпына келтірді, түзеді, дұрыс бағыт берді, орнына қойды. ~ – Шіркін, биыл жаз жаңбырлы болып, егін бітік шықса, жүз саулықтан алынатын төл орта есеппен жүздің үстіне бір ілінсе, «Жартасты» төрт аяғынан тік қояр едік – ау! – деді Машанов қиялдап. – Сонда көрер еді жұрт Машановтың кім екенін. Қолдан шығып кеткен ұпайымыздың орны толар еді. Қ.Жұм. ~ Жігіт алақандарын саулықтың жып-жылы бауырына сұқты да, көтеріп, төрт аяғынан дік қойды. Меңірейген мал дел-сал. М.Қаб.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *