Posted in

ТӨСЕК ҚЫЗЫҒЫ

Жыныстық қатынас ләззаты. ~ Марпадан кейін алған жас әйелі бар. Ол да адам. Олар да кәдімгі ерлі- байлы адамдар секілді төсек қызығын көргісі келеді. Д.Әш. ~ Төсек қызығын, әсіресе, әйел заты тез ұмытады. Мына Ырысқан — сондай ұмытшақ әйелдердің бірі. Бұл байғұстың осал жері — төсек… Қ.Жұм. ~ Солғаным емей немене, тәнімді ауырта, көз алдыма қызылды-жасылды ұшқын шашып бөлек дүние тұңғиығына сүңгіткен алғашқы төсек қызығын да анық сезінбедім. С.Әлж. ~ Жазығы мұнымен төсек қызығын бөлісіп, қажетін ашпақшы. Өзге мақсат жоқ онда. Ө.Кәр. ~ Бұл байғұстың осал жері – төсек… Күн аралап келетін өз кезегін тағатсыз көңілмен шыдамсыздана күтіп жүреді. Ел жатып, шам сөнісімен желімдей жабысып, шырмауықтай оратылады. Сені құшағына алып аймалаудан, тән рахатын, төсек қызығын бөлісуден жалықпайды. Өліп- өшіп, жеп қоя жаздап жатқан кездегі сөздерін естісең! Қ.Жұм.

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *