Туа салысымен, кішкентайынан. ~ Кейіннен 1932 жылы Ілияс Жансүгіровтің редакторлығымен «Балға» деген атпен шыққан журнал да тумай жатып туа шөкті. К.Әмір. ~ Өмірді өткерсең де серілікпен, Үзілдің таң шолпандай көрініп сен. Кешегі сан сайраған Семейінде, Талайдың тумай жатып демі біткен… М.Айт.~ Өз қызуымен өртеніп жанып жатқан жас баланың жанынан қия басып шыға алмады. Оның тумай жатып тартқан азаптарын ойына ап, ағыл-тегіл жылап та алды. С.Ғабб. ~ Сонда бұның жазығы не? Тумай жатып тән жарасын тартып, өсе келе жан жарасымен жабырқап өтпек. С.Ғабб.
